Басты Жаңалықтар Ақмола облысында өрт кезінде екі адам қайтыс болды

Ақмола облысында өрт кезінде екі адам қайтыс болды

Жаңа жылдың алғашқы күндері Ақмола облысы бойынша 16 өрт оқиғасы тіркелген. Өкінішке қарай, 2 адам тілсіз жаудың құрбаны болды. Қайғылы оқиғаның бірі Бурабай ауданының Щучинск қаласында болған. Онда жер үй отқа оранып, 60 жастағы ер адам көз жұмды. Алдын ала берілген мәлімет бойынша, тұрақты мекен-жайы жоқ ер адам бос тұрған үйге кіріп, пеш тұтатып, ұйықтап қалған. Артынша үй өртке ораныпты. Адам өліміне алып келген екінші өрт Бұланды ауданының Новобратское ауылында болды. Мұнда уақытша салынған шағын үйде тегін тұрып жатқан 62 жастағы ер адам төсекте темекі шегіп, ұйықтап кеткен. Арты өртке ұласып, ер адам қайтыс болды. Ал Целиноград ауданына қарасты Қоянды ауылында бір мезгілде екі өрт оқиғасы тіркелді. Бірінде жеке тұрғын үйдің шатырынан өрт шықса, екіншісінде шаруашылық құрылыс жанған. Төтенше жағдайлар қызметкерлері оқиға орнына тез арада жетіп, екі өртті де тоқтатты.


Бөлісу