Жаттықтырушы пікірі: Спортшыларға уақыт белдеуінің кедергісі жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаттықтырушы пікірі: Спортшыларға уақыт белдеуінің кедергісі жоқ

24.12.2024

«Бүгінгі уақыт белдеуінің спортшыларға еш кедергісі жоқ». Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің алғашқы бапкері шын таланттарға тұсау жоғын айтты.

74 жастағы Ахмет Жұмағұл Елдосты дзюдоға 5 жасынан баулыған. Зейнетке шықса да, жаттығу залынан еш алыстаған емес. Бүгінде бапкерлік ісін жалғап, 140 баланы жаттықтырып жүр. Олардың дені -- 6 мен 16 жастағы балалар. Балуандардың болашағы жарқын болуы үшін жаттығуды тоқтатпауы тиіс, дейді. Сондықтан жас спортшылар ақсақалдың залына аптасына алты рет келеді. Олар сабақ уақытына байланысты таңертеңгі және кешкі уақытта жаттығады. Сондықтан жаттығу мен жарыстар кезінде уақыт белдеуінен зиян шекпедік, дейді.

Ахмет Жұмағұл, дзюдодан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы:

Бұрындары қалай жаттығып жатырмыз, солай жаттығып жатырмыз. Жарты сағат былай, жарты сағат былай ешқандай жаттығуымызға кедергі жасап жатқан жоқ енді. Сәл қараңғы дегені болмаса онда тұрған да ештеңе жоқ. Бұрынғы уақытпен келеді, бұрынғы уақытпен кетеді. Жарысқа барған кезде басқа елдерде біреуінде ерте, біреуінде кеш қой, оған да үйреніп қалған балалар.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу