Үкіметте жасанды интеллект енгізу мәселесі қарастырылып жатыр
Мемлекеттік органдар жұмысына жаңа цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект ендіру. Бүгін Үкімет отырысында осы мәселе қаралып жатыр. Бұл қалай жүзеге аспақ? Жиынға қатысып жатқан әріптесім Шерхан Жамбылұлынан білсек.
Шерхан Жамбылұлы, тілші:
Бүгінгі министрлер кабинеті отырысы әдеттегіден ерекше форматта, елордадағы EXPO аумағында орналасқан Цифрлық үкімет кеңсесінде өтіп жатыр. Бұл кеңсе – жаңа технологияларды басқару орталығы, цифрлық даму үдерісінің басты алаңы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Еуразиядағы ірі цифрлық хабқа айналуы тиіс екенін айтып, бұл салаға жаңаша көзқарас қажеттігін атап өтті. Осы мақсатта бес жыл ішінде 1 миллион адамды жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар дағдыларына үйрету міндеті қойылған. Бағдарлама оқушылардан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіпкерлерге дейінгі барлық топты қамтуы тиіс.
Жалпы Қазақстанда цифрлық қызметтер жақсы дамып келеді. Министрліктің сөзінше, биыл 44 млн қызмет онлайн ұсынылған. Сонымен қатар жасанды интеллектке негізделген виртуалды көмекшілер іске қосылды. Жасанды интеллект Қазақстанның экономикасы мен қоғамының барлық саласын жаңғыртуға қабілетті.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Варшавада Қазақстанның кемсітушілікке қарсы заң жобасы таныстырылды
14.10.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына шолу
14.10.2026, 20:15
Оқушылардың жаппай улануы: Қылмыстық іс қозғалды
14.10.2026, 20:11
3 жылға арналған бюджет жоспары таныстырылды
14.10.2026, 20:06
Екпенің алғашқы дозасы 6500-ге жуық жасөспірімге салынған
14.10.2026, 20:05
«Жаңа қоғамдық этика: Мәдениет, әдеп, әдет» форумы өтті
14.10.2026, 20:04
Креативті индустрияның экономикаға қосқан үлесі 2,7 триллион теңгеге жетті
14.10.2026, 20:04
Мемлекет басшысы Вице-Президентті қабылдады
14.10.2026, 20:04