Тараз қаласы екі ауданға бөлінеді
Тараз қаласын енді үш әкім басқарады. Өйткені облыс орталығын екіге бөлу жұмыстары аяқталды.
Заңға сәйкес халқы 400 мыңнан асқан қалалар аудандарға бөлініп, шекарасы қайта бекітіледі. Сондықтан тұрғындары 435 мыңға жеткен Тараз екі ауданға бөлінді. Ал қаланың қос қанатына «Әулиеата» және «Жібек жолы» деген атау беріліп отыр. Әкімдік сессиядағы шешімді Мәдениет және ақпарат министрілігінің мақұлдауына жолдады. Енді жаңа жылдан бастап екі ауданның өз әкімдері тағайындалады. Ал Жамбыл және Байзақ ауданынан 14 елді мекен мен 2 саяжай қалаға қосылады. Нәтижесінде Тараз халқы 480 мыңға жетіп, жері 13 мың гектарға артпақ.
Бақытжан Орынбеков, Тараз қаласының әкімі:
Осы шешім бізге қаланың аумағында біраз мәселені шешуге мүмкіндік береді. Оның ішінде инфрақұрылымды жақсарту бойынша. Одан кейін ең бастысы мынау қала тұрғындарының жер кезегі, тұрғын үй кезегіндегі мәселесін шешуге үлкен мүмкіндік береді. Жаңа мөлтек аудандар бой көтеруі керек. Осы үш мөлтек ауданның өзінде біз 500 көпқабатты тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12