Қазақстан боксшылары жартылай финалға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан боксшылары жартылай финалға шықты

27.05.2021

Бұл күндері Дубайда бокстан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Сарықұрылықтың айтулы додасында қазақ елінің де былғары қолғап шеберлері өнер көрсетуде. Кешегі өткен шаршы алаң бәсекесінің қортындысы бойынша ерлерден 6 боксшымыз жартылай финалда өнер көрсететін болды.

Азия чемпионатында ерлермен қатар әйелдерде шаршы алаңда шеберліктерін байқсуда. Ғалымжан Кенжебаевтан тәлім алатын былғары қолғап шеберлерінің алтауының еншісінде кем дегенде сарқұрылықтық доданың қола жүлдесі бар. Ширек финалда 52 келі салмақтағы жерлесіміз Сәкен Бибосынов шриланкалық қарсыласының осал тұсын тауып, енді жартылай финалда басты қарсыласын ұтсам деген ниетте.

Сәкен Бибосынов, бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі:
Енді келесі жекпе-жегінде бар күш-жігерімді салып, әлем чемпионатында енді боксшы Амид Пханалға есем кеткен еді. Қайтсем еді осы есемді қайтарымын деп мақсатпен келгенмін. Алла қаласа келесі жартылай финалда есемді қайтарамын.

69 келідегі Абылайхан Жүсіпов шаршы алаң иесімен жұдырықтасып кездесу барысында қарсыласын екі мәрте есеңгіретіп алды. Сондай-ақ, өте шиеленісті жағдайда өткен жекпе-жекте Әбілхан Аманқұлда үндістандық қарсыласын ұтып, жартылай финалдан орын алды. Өкінішке қарай Әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов Дубайдан жүлдесіз оралатын болды. Ол төрешілердің шешімімен Иран боксшысына жол берді.

Ғалым Кенжебаев, бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері:
Азия чемпионатында енді жеңіл жекпе-жектер болмайды. Әрине, соған енді бәріміз дайындаламыз. 81 килограмда өкінішке орай Бекзат Нұрмағамбетов жеңілді деп айтуға да болмайды. Біз енді сол протест жібердік. Енді қалай болатынын шешіледі енді. Көреміз. 

Ал аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев болса өзінің бірінші кездесуінде үндістандықты ұтып жартылай финалға жолдама алды. Токио Олимпиадасының барлық 8 жолдамасы бар қазақ боксшылары үшін аталмыш сын дайындық ретінде қарастырылып отыр.

Бүгін сонымен қатар арулар шаршы алаңға шығып он салмақта ақтық сын жолдамаларын сарапақа салатын болады. Қазақ бұрымды боксшылары да Азия чемпионатының бас жүлдесінен үмітті. Аталмыш бокс кешін Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-ден бастап, Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсететін болады. Жерлестерімізге сәттілік тілейік.

Телжан Күдеров

Хабарламаларға жазылу