Астанада «Тең мүмкіндіктер» атты республикалық инклюзивті спорт фестивалі өтті
Астанада «Тең мүмкіндіктер» атты республикалық инклюзивті спорт фестивалі өтті. Оған 200-ге жуық бала қатысты. Оның үштен бірі – ерекше қажеттілігі бар бала. Олар жеңіл атлетика, бочча және эстафета сайыстары бойынша сынға түсті. Ал байқаудың іріктеу кезеңі еліміздің 18 өңірінде ұйымдастырылған. Онда шамамен 1 800-ге жуық бала бақ сынады. Айта өтейік, «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін тауарлар мен қызметтерге тапсырыс беруге арналған «Aleumet» қосымшасын іске қосты. Ерекше қажеттіліктері бар 15 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. Мектептерде 63 инклюзияны қолдау кабинеті жұмысын бастады.
Шолпан Каринова, «AMANAT» партиясының хатшысы:
Осы орайда инклюзиялық спорт фестивалі партиямыздың "Кедергісіз келешек" партиялық жобасының аясында алғаш рет өткізіліп, барлық балаларды, оның ішінде ерекше мүмкіндіктерді, ерекше білімді қажет ететін балаларды өздерімнің құрдастарыммен қатар спорттық шарада бірге сайысуға, бас қосуға шақырды.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03