Жамбыл облысының 14 ауылы Таразға қосылады
Жамбыл облысындағы 14 ауыл Тараз қаласының құрамына қосылады. Олардың барлығы Жамбыл және Байзақ ауданына қарасты елдімекендер. Осылайша облыс орталығының аумағы 13 мың гектарға ұлғаяды. Ал 47 мыңға жуық тұрғын тараздық атанып, қала халқы 480 мыңға жетпек. Атап айтқанда Жамбыл ауданынан Шайқорық, Ақбұлым, Бектөбе, Қызылшарық, Жалпақтөбе, Түрксіб, Сұлутөр және Қоңыртөбе ауылы бар. Ал Байзақ ауданынан Қызыл жұлдыз және Талас ауылы қалаға қосылады. Жоспар жаңа жылдан кейін жүзеге асады. Оған дейін ауылдардың әлеуметтік мәселесін шешу бойынша арнайы «Жол картасы» әзірленбек. Кейін Тараз қаласы екі әкімшілік ауданға бөлінеді.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Astana AI Film Festival байқауының жеңімпаздары анықталды
03.10.2026, 22:59
Жүлде қоры 100 мың доллар: Astana Hub Battle 2026 жеңімпаздары белгілі болды
03.10.2026, 22:49
Дінаралық диалог өзегі – гуманитарлық ынтымақтастық
03.10.2026, 19:48
Digital Bridge: Дәрігердің көмегіне онлайн жүгінуге болады
03.10.2026, 19:19
Almaty Superski жобасы аясында 2 мың шырша отырғызылды
03.10.2026, 19:09
Соңғы 7 жылда Қазақстанның ЖІӨ-і 29 пайызға артты
03.10.2026, 19:02
Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына арналған халықаралық театр фестивалі басталды
03.10.2026, 19:00
Digital Bridge: Астана технологиялық хабқа айналды
03.10.2026, 18:47