Грузиядағы шеру кезінде 150-дей адам ұсталды
Грузия астанасы Тбилисиде бейсенбі түнде басталған шеру әлі тоқтаған жоқ. Демонстранттар бүгін де полициямен қақтығысып жатыр.
"Би-Би-Си"-дің дерегіне сай, зардап шеккендердің арасында журналистер мен телеоператорлар да бар. Полицияның арнайы жасағы шеруге шыққандарды парламент ғимаратынан күштеп қуған. Тәртіп сақшылары оларға су бүркіп, газ қаруын қолданды. Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, 150-дей адам ұсталған. Ал зардап шеккендердің нақты саны белгісіз. Еске салайық, тұрғындар Үкіметтің Еуроодаққа қосылу туралы келіссөзін кейінге қалдырғанына қарсылық білдіріп көшеге шықты. Әлеуметтік сауалнамаларға сай Еуропа Одағына мүше болуды грузиялықтардың 70-80 пайызы қолдайды.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанның автоөндірісі жаңа кезеңге өтті
11.12.2025, 20:51
Сенат төрағасы Президент Қ. Тоқаевтың Рим папасына жолдаған арнайы хатын табыстады
11.12.2025, 20:47
«Абай жолы» кітапханасы жобасы аясындағы еңбектер жарыққа шықты
11.12.2025, 20:41
Ақпаннан бастап балабақшаларға тексерістер ескертусіз жүргізіледі
11.12.2025, 20:36
Соңғы 10 айда Шымкенттің экономикасы 14,8%-ға өсті
11.12.2025, 20:14
Әлем жаңалықтарына шолу
11.12.2025, 20:14
Тұрғындар қоғамдық көлік қауіпсіздігіне алаңдайды
11.12.2025, 20:12
Алматыда пойызда 53 адам уланып қалды
11.12.2025, 20:10