Түркиядағы шеру кезінде ондаған адам тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркиядағы шеру кезінде ондаған адам тұтқындалды

25.11.2021

Түркияның Ыстанбұл қаласында лираның құнсыздануына қарсы шеру кезінде ондаған адам тұтқындалды. Наразылық акциясы шаһардағы Кадикой ауданында өткен. Шерушілер доллардың қымбаттауына жол берген үкіметтің әрекетіне ашынып көшеге шыққан. Түрік ақшасы 11 күннен бері құлдырап келеді. Жыл басынан бері 40 пайыздан астам құнын жоғалтқан. Дегенмен өткен тәулікте ол 7 пайызға күшейді.

Жақында президент Реджеп Тайып Ердоған орталық банктің пайыздық мөлшерлемені төмендетуін қолдаған. Оның сөзінше, мұндай монетарлық саясат елге инвестиция тартуға, экспортты арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектеспек. Алайда мемлекет басшысының бұл мәлімдемесі лираның тіпті құлдырауына әкеп соқтырды. 


Хабарламаларға жазылу