Ливан астанасында әділет сарайы алдындағы қақтығыстардан 6 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ливан астанасында әділет сарайы алдындағы қақтығыстардан 6 адам қаза тапты

14.10.2021

Ливан астанасы Бейрутте шииттік "Амаль" және ""Хезболла" қозғалыстары жақтастарының жаппай наразылық акциясы кезінде оқ атылды. Одан 6 адам қаза тапқан. 20-сы жараланды. Тәртіпсіздіктер Ливан астанасындағы шиит мұсылмандар мен христиандар тұратын екі ауданның дәл ортасында басталған. "Рейтердің" мәліметінше, шерушілерге ғимараттардың бірінен снайпер оқ атса керек. Бірнеше жарылыс болған. Әзірге, шабуылды кімдер және не себепті ұйымдастырғаны белгісіз. Оқиғаға Ливанның үкіметтік армиясы араласып, Бейрут көшелеріне бронетехника шығарылды. Айта кету керек, Ливанда былтыр портта болған жарылыстың әділ тергелуін талап еткен шеру тыйылмай жатыр. Сол кезде 2700 тонна аммиак селитрасы жарылып, 200-дей адам қаза тапқан еді. Ливан шииттерінің пікірінше, жарылыс қасақана ұйымдастырылған. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу