Астанада ҰҚШҰ саммиті өтіп жатыр
Қазақстан төраға ретінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының алдындағы барлық міндеттерін орындады. Мемлекет басшысы Астанада өтіп жатқан саммитте осылай деді.
Айя Мүтәлі, тілші:
Иә, биыл ұйымға Қазақстан төраға. Саммиттің Астанада өтуі де содан. Бүгін осы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының кезекті отырысы қалай өткенін, онда не талқыланғанына рет-ретімен тоқталайын. Алқалы жиында ұйымға мүше елдердің басшылары бас қосты. Яғни Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров және Ресей президенті Владимир Путин, сондай-ақ ұйымның бас хатшысы Иманғали Тасмағанбетов те қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен осы мәртебелі меймандарды кезек-кезек қарсы алды, естелік суретке түсті.
Айя Мүтәлі, тілші:
Содан кейін саммиттің негізгі бөлімі басталды. Төраға ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, биылғы атқарылған жұмысты қорытындылады. Биыл ұйымға мүше елдер арасында өзара байланысты нығайтуға, сондай-ақ терроризм, кибершабуыл және есірткі саудасымен күрес әрі ұйымның бар мүмкіндіктерін дамытуға жұмылдырғанын баса айтты. Сонымен бірге Президент «Бұл ұйым жай ғана әскери серіктестік емес, мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау үшін күш-жігеріміз бен ресурстарымызды біріктіретін бірегей механизм» екенін ерекше атап өтті. Тағы қандай маңызды мәлімделер болғанын кейінгі эфирде толықтырамыз.
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03