Жазушы Дулат Исабеков  Лондонда лордтар палатасында сөз сөйледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жазушы Дулат Исабеков  Лондонда лордтар палатасында сөз сөйледі

05.10.2017

Әйгілі Вестминстер сарайында жазушы Дулат Исабеков Лондон лордымен кездесті. Осыған дейін лордтар палатасында қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматов, Нобель сыйлығының иегері Орxан Памук трибунада сөз сөйлеген еді. Ендігі қабылдау қазақ жазушысы Дулат Исабековтың шығармашылығына арналды.

Драматург өзінің ағылшын тіліндегі пьесалар жинағының тұсауын дәл осы Ұлыбритания парламенті үйінде кесіп, алғашқы нұсқасын Лондон лордына табыс етті.

Әйгерім АҒЫЛТАЕВА

Хабарламаларға жазылу