Жамбыл облысындағы 92 мектепте тағам қауіпсіздігі сақталмаған
Үкіметтің мектеп асханаларын түгел тексеру қажет деген тапсырмасынан кейін салғырттыққа жол бергендер анықталып жатыр. Жамбыл облысындағы 92 мектепте тағам қауіпсіздігі сақталмағаны анықталды.
Тараздағы үш мектепте 9 асхана қызметкерінің медициналық тексерістен өтпегені белгілі болды. Бүгінде аймақтағы 491 білім ұясын 39 жеке кәсіпкер ыстық тамақпен қамтып отыр. Күнделікті ас мәзірі технологиялық картаға сай болуы тиіс. Алайда прокурорлар мен эпидемиолог мамандар 100-ге жуық кемшілікті анықтады. Ол бойынша 57 хаттама толтырылып, 10 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Осылайша Жамбылдың білім саласына жауаптылар, былтыр 84 адамның астан уланып, ауруханаға түскенінен сабақ алмағанға ұқсайды.
Салтанат Әлібаева, Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
146 мектеп асханаларын қамтыдық. Ауыз су режимі сақталған жоқ. Кейбір өнімдердің қауіпсіздігін растайтын құжаттары болған жоқ. Тағамның нормасы сай келмеу, тағамды сақтау режимі дұрыс болмау, мектептерде тыйым салынған өнімдер, алкогольсіз сусындар, фастфуд сатылғаны анықталды.
Осындай олқылықтардан кейін өңір мектептерінде брокераждық комиссия құрылған. Ал білім басқармасы тарапынан ведомствоаралық сараптамалық топ жұмыс істеп жатыр. Олар енді мектептерді тоқсан сайын тексереді. Әзірге 10 мектепте кемшілік анықталған. Ал прокуратура пәрменімен болған тексерістен кейін 116 адам жазаланды.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Astana AI Film Festival байқауының жеңімпаздары анықталды
03.10.2026, 22:59
Жүлде қоры 100 мың доллар: Astana Hub Battle 2026 жеңімпаздары белгілі болды
03.10.2026, 22:49
Дінаралық диалог өзегі – гуманитарлық ынтымақтастық
03.10.2026, 19:48
Digital Bridge: Дәрігердің көмегіне онлайн жүгінуге болады
03.10.2026, 19:19
Almaty Superski жобасы аясында 2 мың шырша отырғызылды
03.10.2026, 19:09
Соңғы 7 жылда Қазақстанның ЖІӨ-і 29 пайызға артты
03.10.2026, 19:02
Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына арналған халықаралық театр фестивалі басталды
03.10.2026, 19:00
Digital Bridge: Астана технологиялық хабқа айналды
03.10.2026, 18:47