Жамбыл облысындағы жол апатынан екі адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысындағы жол апатынан екі адам қайтыс болды

26.11.2024

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болып, екі адам жанып кетті. Оқыс оқиға Меркі мен Тұрар Рысқұлов ауданы арасын жалғап жатқан автобан бойында болды.

Жоғары жылдамдықпен қатты келе жатқан «Mercedes» маркалы көлігі жол жиегінде тоқтап тұрған көліктерге келіп соқтығысқан. Салдарынан BMW көлігінің 23 жастағы жүргізуші мен оның 2 жастағы баласы қаза болды. Ауыр соққыдан автокөлік бірден жанып кеткен.

Полицияның айтуынша «Mercedes» көлігін тізгіндеген 44 жастағы жүргізуші көлікті басқара алмай қалған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір сотқа дейінгі сараптамалар алынып, тергеу жүріп жатыр. Айта кетейік, жыл басынан бері елімізде 22 мыңнан астам жол апаты болды. Оның ішінде Жамбыл облысы жолдарында 1 548 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 221 адам қаза тапты.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу