Павлодарда жаңажылдық шыршаға 52 млн теңге бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда жаңажылдық шыршаға 52 млн теңге бөлінеді

25.11.2024

Екібастұздағы электр қуатын өндіретін МАЭС-1 станциясы келесі жылы күрделі жөндеуден өтеді.  Облыс әкімі Асайын Байханов станциядағы мұржаның жан-жағынан қою түтіннің шығып жатқан видеосына қатысты осындай түсініктеме берді. Өңір басшысы ақаудың себебін анықтау үшін кәсіпорынға бірден аттанған. Тәуелсіз сарапшылар арнайы зерттеу жүргізген. Оның қорытындысына сай, құбырға еш зақым келмегенін, бұл электроблок әлі 1-2 жылдай энергия өндіруге қауқарлы екенін айтады. 

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:

Дәл өзі құбырында ешқандай зақым жоқ. Қорытындысына сәйкес, керамзиттан жасалған кірпіштері, оны біз қазір тазартып алып жатырмыз. Бірақ, қазіргі күні наурыз айында күн ұзарғаннан кейін және де қыс аяқтала бастағанда оны күрделі жөндеуге құбырды кіргіземіз. 

Ал Павлодар қаласын жаңажылдық безендіруге әкімдік бюджеттен биыл 52 млн теңге бөледі. Қаражаттың басым бөлігі мұз қалашығын салуға, көшелерді жарықтандыруға жұмсалады. Еске салайын, былтыр 53 млн теңгеге салынған Павлодардағы бас шырша құлап, мұз қалашығы тұтастай еріп кеткен еді.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу