Астанада көшбасшы әйелдер бас қосты
Астанада 150-ден астам көшбасшы әйел бас қосты. «Amanat» партиясының Әйелдер қанаты ұйымдастырған шарада гендерлік теңдік, отбасы құндылықтары мәселелері талқыланды. Жалпы бүгінде партияға мүше азаматтардың 60% қыз-келіншектер. Сондықтан саяси ұйым ана мен балалар өмірін жақсартуға бағытталған жүйелі реформаларға белсене атсалысады. Мәселен көшбасшы әйелдерді даярлайтын курс жүргізіледі. Өңірлерде «Жанұя» отбасын қолдау орталықтары ашылды. «Балаңа уақыт арна!», «Қарызсыз қоғам», «Ауыл аманаты» секілді әйелдердің мүддесін қорғауға бағытталған біршама жоба бар.
Дәулет Кәрібек, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы:
Осыдан бір жыл бұрын қазақстандық әйелдердің саяси белсенділігін арттыру мақсатында, өзіміздің партияның ішіндегі әйел азаматтардың жұмысын күшейту мақсатында біздің партиямыздың жанында «Әйелдер қанаты» құрылған болатын. Осы бір жылдың ішінде көптеген маңызды шараларды жүзеге асырып, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде жанармай тапшылығы қайтадан күшейді
24.09.2026, 17:40
Азиаданың бесінші күні: 1 алтын, 4 күміс, 1 қола
24.09.2026, 17:38
Жамбыл Жабаевтың шығармашылық мұрасы Қытайда дәріптелді
24.09.2026, 17:37
Қалдық тапсырып, ақша табуға болады
24.09.2026, 17:35
«Шардара – Келес» жолын қоқыстан тазартты
24.09.2026, 17:34
Қызылордада эко-белсенді үш мыңдай көшет еккен
24.09.2026, 17:33
Бурабайда электр моторлы трамвайлар маршруты іске қосылды
24.09.2026, 17:27
Алматыда ₸ 1 млн 700 мың айыппұл төлемеген жүргізуші анықталған
24.09.2026, 17:25