Екібастұздағы МАЭС-1 станциясы келесі жылы толық жөнделеді
Екібастұздағы электр қуатын өндіретін МАЭС-1 станциясы келесі жылы күрделі жөндеуден өтеді. Облыс әкімі Асайын Байханов станциядағы мұржаның жан-жағынан қою түтінның шығып жатқан видеоға қатысты түсініктеме берді. Өңір басшысы ақаудың себебін анықтау үшін кәсіпорынға бірден аттанған. Тәуелсіз сарапшылар арнайы зерттеу жүргізген. Нәтижесінде құбырға еш зақым келмегенін, бұл электроблок әлі 1-2 жылдай энергия өндіруге қауқарлы екенін айтады. Десе де қазір аймақта қуат өндіру көлемі 500 мегаватқа дейін азайған.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:
Ол бейнедегі әйнектер, орысша айтқанда слуховой окно дейді. Өзінің мынау ерекше істелінген әйнектері бар. Ол құбырда. Бірақ дәл өзі құбырында ешқандай зақым жоқ. Қорытындысына сәйкес, керамзиттан жасалған кірпіштері, оны біз қазір тазартып алып жатырмыз. Бірақ қазіргі күні наурыз айында күн ұзарғаннан кейін және де қыс аяқтала бастағанда оны күрделі жөндеуге құбырды кіргіземіз.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27