Бүгін елордада «Қазақ этнографиясының сөздігі» таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін елордада «Қазақ этнографиясының сөздігі» таныстырылды

29.06.2017

2000 данамен жарық көрген еңбек 6 тілде жазылған. Кітапта 1000-нан астам сөзге анықтама берілген. Терминдердің дені салт-дәстүр, тұрмыс -тіршілік пен ұлттық ойындарға қатысты. Еңбек авторлары сөздіктің арнайы «Экспо» көрмесіне орай басылып шыққандығын айтады. Оның бірнеше данасы халықаралық көрме аясында туристерге үлестірілмек.

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу