Бүгін Елордада қазақ тарихына арналған екі бірдей ғалымның кітабы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Елордада қазақ тарихына арналған екі бірдей ғалымның кітабы таныстырылды

04.07.2019

Ол саяси ғылымдар докторы, профессор Мұрат Лаумулиннің «Әлемдік ориенталистикадағы Қазақстан» кітабы және тарих ғылымдарының докторы Клара Хафизованың «Степные властители и их дипломатия в XVIII-ХІХ веках» атты еңбектері. Ғалымдардың бұл туындыларында Қазақстанның көпғасырлық тарихи және мәдени мұрасын сақтауға үлкен үлес қосқан есімдер мен тұлғалар туралы тарихи деректер жазылған. Бұл Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларының идеяларымен сабақтасатын еңбектер. Әлемдік ориенталистикадағы Қазақстан» кітабындағы деректерді профессор Мұрат Лаумулин 30 жыл бойы жинаған.

 

Клара Хафизова, Тарих ғылымдарының докторы, қытайтанушы:

 

Мен 1-ші топ қазақстанның қытайтанушыларға жатамын, кітап шығарарда маған кейде шетелден де ұсынстар болады. біз шығарайық, ол жалақыға сіз бүкіл дүниені бір аралап шығасыз дейді сол біреулер. мен еш уақытта бірінші шетелде жарияламаймын. Алымен бізде, сосын дайын кітаптарды аудара берсін деймін.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

 

 

Хабарламаларға жазылу