Шымкенттен 30 тоннадан аса қоқыс шығарылды
Шымкент қаласында бүгін «Таза бейсенбі» акциясына жүзденден астам азамат қатысты. Олар «Асар» шағын ауданы аумағын қоқыстан тазартып, қураған шөптерді жинап шықты. Сондай-ақ жол бойындағы бітеліп қалған арықтарды аршыды. Жаяужолдарды сыпырып, оның бойындағы ағаштарды қырқып, ретке келтірді.
Аумақтан 5 тонна қоқыс шығарылды. Бұл жұмыстың барлығы партия мүшелері, жастар қанаты, студенттер және қала тұрғындарының күшімен атқарылды. Жалпы «Таза бейсенбі» акциясы басталғалы мегаполисте 23 рет экологиялық шара өткізілген. Соның нәтижесінде 30 тоннадан аса қоқыс жиналды. «Аманаттықтар» бұл шараны жыл соңына дейін жалғастыра бермек.
Ербол Байқоныс, «Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары:
Бүгінгі күнге дейін 3,5 мыңға жуық адам қатысты. 23 рет өткізілді деп жатырмыз ғой. Әр бейсенбі сайын өзінің белсенділігін арттырып жатқан азаматтар келіп, тазарту жұмысын жасап жатыр. Өйткені бұл біздің қаламыз ғой. Сондықтан тұрғындар бұл мәселеге бей-жәй қарап жатқан жоқ.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16