Музыка мекемелерінің жетекшілері бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Музыка мекемелерінің жетекшілері бас қосты

13.06.2017

«Ұлы Жібек жолы: Батыс пен Шығыс мәдениеттерінің қарым-қатынасы». Осы тақырыпта өткен халықаралық конференцияда мәдениет саласының қызметкерлері өзара байланысты арттырып, тәжірибе алмасуды одан әрі жетілдіру жолдарын талқылады. 13 елден келген музыка мекемелерінің жетекшілері «Ұлттық мәдениетті сақтау мен дамыту», «Музыка - мұраның сабақтастығы», «ЭКСПО–2017 өнер энергиясы - болашақ энергиясы» тақырыптарында әңгіме қозғады.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу