Италияда «Баянауыл вальсiн» шырқаған павлодарлық 5 сынып оқушысы «Академиялық вокал» аталымын жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда «Баянауыл вальсiн» шырқаған павлодарлық 5 сынып оқушысы «Академиялық вокал» аталымын жеңіп алды

15.04.2016
Италияда «Баянауыл вальсiн» шырқаған павлодарлық 5 сынып оқушысы «Академиялық вокал» аталымын жеңіп алды

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлады. Облыстық білім беру басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Santa Cecilia консерваториясында Италия, Ресей, Украина, Беларусь және Польша елдерінің музыканттары бас қосқан. Павлодар облысының «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешенінің 5-сынып оқушысы Мария Затварницкая Нұрғиса Тілендиевтің «Баянауыл вальсi» атты әнін орындады.

Жас өнерпаз республикалық және сегіз халықаралық конкурстың лауреты. Вокал бойынша оқытушысы - Вера Бородихина.

«Қазылар алқасының құрамында Италия, Ресей, Украинаның жетекші оқу мекемелерінің профессорлары, біздің жерлесіміз әйгілі пианиношы, Лондонның Корольдік музыка академиясының түлегі, халықаралық конкурстардың лауреаты Мануэль Алимбаев болды. Конкурсқа қатысу Мария үшін өте жауапты қадам. Себебі ол Қазақстан Республикасының атынан өнер көрсетті», - дейді музыкалық мектеп-интернатының директоры Виктор Денисенко.

Хабарламаларға жазылу