Қытай компаниялары 600 млрд теңгелік инвестиция салмақшы
Қытайдың бизнес компаниялары елімізде жалпы құны 600 млрд теңгеден асатын жобаларды жүзеге асырмақ. Бүгін Түркістанда өткен халықаралық инвестициялық форумда меморандумға қол қойылды. Екі ел кәсіпкерлері жиында туризм, тамақ өнеркәсібі, цифрлық трансформацияны дамыту мәселелерін талқылады. Сондай ақ жиыннан кейін жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері мен қолөнер бұйымдары таныстырылды.
Хуан Лися, Хубэй провинциясы кәсіпорындары халықаралық ынтымақтастық қауымдастығының төрағасы:
Бүгінгі форум аясында біз құны 1,1 млрд АҚШ доллары болатын 7 инвестицилық жобаға қол қойдық. Оның ішінде тоқыма кластерін құру, алюминий бұйымдарын шығару зауыты, мал сою алаңы, тамшылатып суару құрылғысын шығаратын кәсіпорын құру жобалары бар. Бұл жобалар жүзеге асқанда 5 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Израиль Ливанға соққы беруді тоқтатқан жоқ
11.06.2026, 20:59
СІМ қазақстандықтарға Иранға бармауға кеңес берді
11.06.2026, 20:58
Халық табысын арттыруға арналған арнайы жоспар қабылданды
11.06.2026, 20:56
Сенат рақымшылық туралы заңды мақұлдады
11.06.2026, 20:55
Шымкенттің жалпы өнім көлемі 6 трлн теңгеге жуықтады
11.06.2026, 20:53
Бүгін футболдан Әлем чемпионаты басталады
11.06.2026, 20:17
«Үлкен Алтай-2026» халықаралық конференциясы өтті
11.06.2026, 20:14
Қытайдың Цзянсу провинциясымен меморандумға қол қойылды
11.06.2026, 20:12