Петропавл жастары саябақты қоқыстан тазартты
Петропавл жастары орталық көшелердің бірінде орналасқан саябақты қоқыстан тазартты.
Бүгін ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» акциясына 60 адам қатысты. Жоба бастау алғаннан бері Петропавлда 300 рет тазалық шарасы өткізіліп, 300 тоннадан астам қоқыс жиналды. Ұйымдастырушылар экологиялық акция жыл бойы жалғасатынын атап өтті.
Жұлдыз Тоқтарғазы, Жастар ресурстық орталығының маманы:
Қыстыгүні қар тазаласақ, жаздыгүні, күздігүні осылай қоқыс тазалаймыз. Екі колледждің жастары, ұстаздарымен келіп отыр. Және міндетті түрде мұндай іс шаралар студенттердің сабақтан тыс бос уақытында ғана жасалады.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанның автоөндірісі жаңа кезеңге өтті
11.12.2025, 20:51
Сенат төрағасы Президент Қ. Тоқаевтың Рим папасына жолдаған арнайы хатын табыстады
11.12.2025, 20:47
«Абай жолы» кітапханасы жобасы аясындағы еңбектер жарыққа шықты
11.12.2025, 20:41
Ақпаннан бастап балабақшаларға тексерістер ескертусіз жүргізіледі
11.12.2025, 20:36
Соңғы 10 айда Шымкенттің экономикасы 14,8%-ға өсті
11.12.2025, 20:14
Әлем жаңалықтарына шолу
11.12.2025, 20:14
Тұрғындар қоғамдық көлік қауіпсіздігіне алаңдайды
11.12.2025, 20:12
Алматыда пойызда 53 адам уланып қалды
11.12.2025, 20:10