Атырауда Жайық жағасын қоқыстан тазартты
Атырауда «Таза Қазақстан» акциясы аясында Жайық жағалауы қоқыстан тазартылды. Тазалық науқанына үш ірі мұнай компаниясынан 200-ге жуық адам қатысты. Олар 5 шақырымға жуық аумақты қалдықтардан тазартты. Жалпы облыста акция басталғалы 25 сенбілік өткізілген. Көгалдандыру жұмыстары да қолға алынбақ. Биыл 59 гектар аумаққа 117 мың көшет отырғызу жоспарланған.
Мейрамбек Аухадиев, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы:
Атап айтқанда акцияға 62 мыңнан астам адам қатысты. 1 726 тонна қоқыс шығарылды. 1 777 дана әртүрлі техника тартылды. Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Сенбіліктен бөлек жас пікірсайысшылар «Таза Қазақстан – таза аймақ» тақырыбындағы дебатта бас қосты. Сөз додасына 12 команда қатысып жатыр. Олар елдегі экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы тақырыптарды талқылады.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Отбасы банк» салымшыларының саны 100 мыңнан асты
08.12.2025, 20:56
Оңтүстік-Шығыс Азияның екі елі қайта қақтығысты
08.12.2025, 20:53
Әлем жаңалықтарына шолу
08.12.2025, 20:52
Н.Төреғалиев: Ең арзан сиыр еті – Батыс Қазақстанда
08.12.2025, 20:45
Аягөздегі алыс ауылдардың мәселесі шешілді
08.12.2025, 20:41
ЛГБТ насихатын шектеу ұлттық құндылықтарды қорғайды
08.12.2025, 20:31
«Қайрат» пен «Олимпиакос» матчын Ұлттық арна тікелей эфирде көрсетеді
08.12.2025, 20:25
Стоматологиядағы бала өлімі: Анестезиологтан жауап алынды
08.12.2025, 20:14