Алматыда «Kobyzbook» инновациялық оқу құралының тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Kobyzbook» инновациялық оқу құралының тұсаукесері өтті

24.03.2017

Алматыда қобызшыларға арналған «KOBYZBOOK» инновациялық оқу құралының тұсаукесері өтті. Жаңа  жоба өнер сүйер қауымды дәстүрлі музыкаға жақындата түседі. Енді әлемнің кез-келген жерінде жүріп, ғаламтордағы электронды оқулықты пайдалану арқылы қобыз аспабын жетік меңгеруге болады.

 

Онда 50 қобызшының өмірбаяны, 180 қобызға арналған күй бар. Олардың ішінде 23 шығарманы қобызшылардың өздері орындаған. Байырғы аспапты қайта жаңғыртқан өнерпаздар жиналған көпшілікті қылқобыздың қоңыр үнімен сусындатып, бабалардың арманы мен тілегі сақталған туындаларды орындады.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ  

Хабарламаларға жазылу