Күллі әлем көз тіккен Паралимпиада ойындары аяқталуға жақын. Бүгін жерлестеріміз пара паэурлифтинг, пара каноэ және татамиде жүлдеге таласты. Зілтеміршілер бәсекесі мен Марна өзеніндегі жарыстаға Франциядағы әріптесіміз Азат Қадырбек шолу жасап өтеді.
Азат Қадырбек, тілші:
Бүгін жарыс жолына алдымен пара каноэшілер шықты. Ерлер арасында KL2 класында 200 метрлік қашықтықтың жартылай финалында Спатай Бибарыс 45.47 секунд нәтижесін тіркеді. Өкінішке орай, бұл нәтиже финалдық кезеңге өтуге жеткіліксіз болды.
Жаңыл Балтабаева да, жанкүйерлерін жарқын өнерімен қуанта алған жоқ. Дәл осы қашықтықтың VL3 класында ол 1 минут 02,13 секунд нәтижесімен мәре сызғын кесті. Бұл нәтиже Жаңылға ақтық сында бақ сынауға мүкіндік берген жоқ.
Зілтеміршілер бәсекесінің 73 келіге дейінгі санатында Рио паралимпиадасының күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаеваның жолына үмітпен қарадық. 58 жастағы ардагер спортшымыз алғашқы мүмкіндігінде 112 артынша 117 келіні еш қиындықсыз еңсерді. Ал, қола жүлденің тағдыры шешілген сәтте 123 келіні ырқына бағындырғанымен төрешілер бұл мүмкіндікті есепке алған жоқ. Осылайша Раушан жарысты төртінші болып аяқтады.
Пара пауэрлифтингтегі тағы бір үмітіміз Рахметжан Хамаев 88 келіге дейінгі салмақ дәржесінде бақ сынады. Үздік мүмкіндігінде 200 келі нәтижесін тіркеген толағайымыз жарысты 6-шы орынмен аяқтады. Бұл салмақта алтын жүлде қытайлық спортшыға бұйырды.