Атом электр станциясы елдегі электр энергия мәселесін шешеді. Сала сарапшылары осылай дейді. Айтуларынша, елімізде қуат көзін қалыптастыруға бүгіннен бастап қамдану керек. Энергия өндіру саласында ірі қадам жасасақ, сырттан сатып алмаймыз деген пікірде.
Дамир Нарынбаев, Kazenergy қауымдастығының атқарушы директоры:
2023 жылы көрші елдерден электр энегрия көздерін сатып алғанбыз. 2030 жылға 13,5 млдр киловатт қуат көзі жетіспеуі мүмкін деген болжам бар. Тапшылық болмау үшін АЭС салу мәселесін де қарастырдық. Егер референдумда АЭС салуға шешім қабыданса, еліміздегі электрэнергия тапшылығы шешіледі.
Көптеген дамыған және дамушы мемлекетте АЭС бар. Ал, Қазақстанның стансаны салуда мүмкіндігі жоғары деді сарапшы. Өйткені, уран өндіру, қажетті отындар дайындау елде жақсы дамыған. Заманауи реакторлар орнатып, сапалы технологиямен салынатын АЭС-тан үркудің керегі жоқ дейді. Тек, онда істейтін мамандар білікті болуы міндетті және су тапшылығын болдырмау мәсәлесін де ескеру қажет екенін атап өтті.
Миржан Асрепов, «Қазақстанның электр энергиясы және қуат нарығы операторы» АҚ жобаларды әзірлеу және цифрлық трансформация секторларының сарапшысы:
АЭС жаңа технологиялар салынса, ол қауіпсіз. Бірақ су саласында Балқаш көлінің көбі станцияға кетеді. Соны экологтар шешу керек. Қазір салынса, АЭС салуға, бірақ ол 10-15 жыл салынады. Ол тез салынбайды.
Динара Жарқынбек