Инвестициялық штабтың отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инвестициялық штабтың отырысы өтті

09.11.2021

2030 жылға қарай жаңартылған энергия көздерін 3-тен 15%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұған 3 трлн теңге инвестиция керек. Осы мақсатта үкімет араб және француз компанияларымен келісімге келді. Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен инвестициялық штабтың отырысында бірлескен жобалар талқыланды. Инвест жоба аясында 10 жылда 5 ГВт болатын баламалы қуат кезең-кезеңмен енгізілмек. Бұл атмосфераға шығарылатын парниктік газдың қалдықтарын 8 млн тоннаға азайтуға сеп болмақ. Қосымша сағатына 20 млрд киловатт жасыл энергия өндіруге және 3 мыңдай жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ жиында денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту мәселесі көтерілді. Төрт жылда 20 көпсалалы аурухана мен 2 ғылыми-инновациялық көпсалалы клиника салу көзделіп отыр. Бірқатар қалаларда госпитальдар тұрғызу туралы баяндалды. 


Хабарламаларға жазылу