Қазақстанда туристер саны көбейеді

05.03.2019

«Қазақ туризмі» ТОП-10 жобасы 2030 жылға қарай туристер санын 4 есеге арттырады. Бүгін «Nur Otan» партиясы жанындағы кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесте елдің туристік саласын дамытудың жай-күйі талқыланды.

Бүгінде туристік державалардың халықаралық тәжірибесі негізінде арнайы мемлекеттік бағдарлама әзірленген. Оған ТОП-10 жобасы енгізіліпті. Соның аясында елдегі Алакөл, Алматы облысындағы тау шаңғысы курорты, Баянауыл, Балқаш, Каспий теңізіндегі жағажай курорты және Щучье-Бурабай сияқты курорттық аймақтарға жағдай жасалу көзделіп отыр. Мақсат – Президент тапсырмасына сәйкес, 2030 жылға қарай 1 жылда келетін саяхатшылар санын 13,5 млн-ға жеткізу. Сәтін салса, жобаға 4 млрд доллар инвестиция тартылып, ел экономикасына 4,5 млрд доллар пайда түседі деген жоспар бар.

Айзада Құрманова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Туризм саласы нарықтағы шағын бизнестің табысын өсіруге, біздің жергілікті жердегі аймақтарды дамытуға үлкен әсерін береді. Сондықтан Елбасы ішкі туризмді дамыту туралы көп тапсырмалар берген болатын. Бағдарламаның мақсаты - туризм саласының жалпыұлттық өніміндегі үлесін 8 пайызға көтеру.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу