Қызылорда облысында «Жасыл ел» жасағының жаңа маусымы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында «Жасыл ел» жасағының жаңа маусымы басталды

14.06.2024

Қызылорда облысында «Жасыл ел» еңбек жасағының жаңа маусымы басталды. Сырбойылық жастар жаз бойы «Таза Қазақстан» эко-науқанына атсалысып, қоршаған ортаны көркейтіп, көгалдандыруға өз үлесін қосатын болады.

Жалынды жастар үшін жазғы демалыстың әр күні мереке. Жасыл ел еңбек жасағының ұл-қыздары қаладағы Батырхан Шөкенов атындағы саябақта сенбілік өткізді. Жастар әндетіп-думантып жүріп демалыс орнын қоқыстан тазалап, су келетін арықтардың шөбін отап шықты.

Ақлен Әбдіреш, «Жасыл ел» жасағының мүшесі:

Өзіммен жасты жасөспірімдер үшін бұл жазғы демалыстың ең біріншіден жақсы өткізуіне және пайдалы өткізуге өте үлкен үлес қосады. Менің ойымша әрқайсымыз осы жерімізге, елімізге көмектесуіміз міндет болып табылады. Және де біз өте қуаншытымыз.

Биыл жастар Президенттің эко бастамасын қолдап, «Таза Қазақстан» науқанына белсенді атсалысып жатыр. Жаздың үш айында облыс бойынша 1800-ден аса белсенді жас, жасыл елдің құрамында еңбек етіп, қала мен ауыл-аймақтың тазалығы мен гүлденуіне сүбелі үлесін қоспақ.

Жасұлан Алдабергенов, «Жасыл ел» жасағының жетекшісі:

Осы маусым айында Қызылорда облысы бойынша 300-ге жуық жас жұмысты бастап кетті. Жеті ауданда, Байқоңыр қаласында. Бұл жасыл ел еңбек жасақтарында жұмыс істеп жатқан жастардың барлығы нағыз патриот деседе болады. 

Еңбек жасағына 16 мен 35 жас аралығындағы қыз-жігіттер ерікті түрде қабылданады. Және де жастар игі бастамаға қолдау көрсетіп қана қоймай, жасыл ел жобасы аясында еңбек ақы алатын болады.


Хабарламаларға жазылу