Басты Жаңалықтар Роман Скляр: Қазақстанда жол салушылар кеңестік құрылыс нормалар бойынша жұмыс істейді деген сөз - миф

Роман Скляр: Қазақстанда жол салушылар кеңестік құрылыс нормалар бойынша жұмыс істейді деген сөз - миф

Жолдардың ақылы болуы, магистральдардың сапасын арттырды. Салынғанына 10-15 жыл болған жолдардың күтімі уақытылы жасалып отыр. Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы және Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы сұхбатында айтты. Сондай-ақ, Үкімет жол саласын қолдайтынын жеткізді. Бірінші вице-премьер жолдарды ақылыға өткізу жүйесі әрі қарайда жалғаса береді, деді. Жалпы, елімізде автокөлік жолдарының желісі – 95 мың шақырым, оның ішінде 25 мың шақырым - республикалық, 71 мың шақырым - аудандық және облыстық жолдар.

Роман Скляр, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:
Жолдардың сапасы мердігерлерге ғана емес, жолдарды қазып, салдарын жоюға қатыстатын мамандардың жұмысына да байланысты. Біздің елде жол салушылар кеңестік құрылыс нормалары мен ережелері бойынша жұмыс істейді деген стереотип бар. Бұл - жай ғана миф. Біз Еуропа мен АҚШ-тағыдай жобалаймыз. Әрине, сапаны жақсартуға ұмтылу керек, кемелдіктің шегі жоқ.

Үкімет басшысының орынбасары көлік-логистика саласының даму барысы туралы да айтты. «Қазақстан темір жолы» кәсіпорнының жеке табысынан бөлек, мемлекет тарапынан «ұзақ мерзімге несиелеу», тікелей бюджеттік қаржыландыру, жеке салымдар арқылы инвестиция құйылып жатқанын жеткізді. Сондай-ақ Қазақстанда темір жол тарифтері көрші елдерге қарағанда 2 есе төмен екенін атап өтті. Бұдан бөлек, Роман Скляр Үкімет өнеркәсіптің барлық саласын қолдайды, деді. Осы мақсатта өнеркәсіп өндірісін дамытуға бағытталған жеңілдетілген несиелер берілетінін еске салды.

Роман Скляр, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:
Отандық кәсіпкерлер Үкіметпен және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» атынан қаржы мемлекеттік институттарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бизнес үшін негізгі ережелер жазылған «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң қолданысқа енгізілді. Менің ойымша, біздің инвестициялық заңнамамыз өте жақсы, тіпті ең жақсы деп айтуға болады. Оны сол деңгейде сақтау керек және аймақтағы басқа елдермен бәсекеге қабілетті болуымыз қажет.

Асылбек Данияр

Бөлісу