Мемлекет басшысы Мысыр Араб Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Әбделуахаб Әбделразеқті қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Мысыр Араб Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Әбделуахаб Әбделразеқті қабылдады

04.06.2024

Мысыр – Қазақстанның ислам және араб әлеміндегі басты серіктестерінің бірі.

Мемлекет басшысы Мысыр Араб Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Әбделуахаб Әбделразеқті қабылдады. Мысыр компанияларын көлік-транзит, туризм, цифрландыру салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыруға шақырды. Мысыр – Қазақстанның ислам және араб әлеміндегі басты серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Ынтымақтастықты нығайта түсу үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз, деді. Мемлекет басшысы Сұлтан Бейбарыс мешітін күрделі жөндеуден өткізіп, тарихи тұлғаның есімін ел жадында жаңғыртуға зор үлес қосқаны үшін Мысыр үкіметіне ризашылығын білдірді. Өз кезегінде Әбделуахаб Әбделразеқ екі ел арасындағы қарым-қатынасты, соның ішінде парламентаралық байланыстарды одан әрі нығайтуға мүдделі екендерін жеткізді.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу