Париж Олимпиадасының басталуына 56 күн қалды. Әзірге спортшыларымыз 58 лицензия жеңіп алды. Негізгі меже 90 жолдама болатын. Алайда, Франциядағы байрақты бәсеке алдындағы лицензиялық турнирлер аяқталуға жақын. Туризм және спорт министрлігінің өкілдері жоспар орындалмай қалуы әбден мүмкін, дейді. Бұл тарихта болмаған Олимпиада болғалы тұр.
Парижге бокстан ұлттық құраманың ерлер командасы түгел барады. Таиландтағы соңғы лицензиялық турнирде 63,5 келіде жұдырықтасқан Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жолдама жеңіп алды. Бұл оның екінші мүмкіндігі болатын. Италиядағы жарыста екінші айналымда сүрінген.
Назымға Олимпиадаға бару бақыты ақыры бұйырды. 2021 жылы Токиодағы сынға жолдама ала алмаған еді. Азия ойындарының ширек финалында жеңілді. Дегенмен, Таиландағы жарыс былғары қолғап шеберінің бағын жақты.
Назым Қызайбай, Бокстан ұлттық құрама мүшесі:Бұл енді бастамасы деп ойлаймын. Өйткені, ең бастысы лицензия емес. Сол Олимпиадаға барып медальмен оралу.
Боксшы қыздардың үшеуі Франция төрінде ел намысын қорғап, медальға таласады. Соңғы квота 75 келідегі Валентина Хальзова бұйырды. Отандасымыздың бұл үшінші лицензиялық турнирі болатын.
Олимпиада ойындарына дайындық жөніндегі штаб басшысы Елсияр Қанағатовтың бұл жоспары орындалмайтын сияқты. Алда төрт жылдықтың басты бәсекесінде жолдама беретін 11 жарыс қана қалды.
Диас Ахметшәріп, ҚР Туризм және спорт министрінің кеңесшісі:Дзюдошылардың рейтингтік қорытындысын күтіп отырмыз. Ол рейтингтік қортынды шыққаннан кейін тағы 8 лицензия қосылуы керек. Яғни 66-ға жетеді. Минисрліктің жоспары бойынша біз тағы да жалпы есеппен 75-80 жолдама алуымыз керек.
Дзюдошылардың лицения саны белгілі болғанмен, кей салмақта кімнің баратыны белгісіз. Бұл ерлердің 60 келіге дейінгі салмақтағы бәсекелестік туралы. Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов, Мағжан Шамшамдин де олимпиадалық рейтингі ілініп тұр. Дзюдо федерациясы олар бір-бірімен күресіп, жеңгені олимпидаға баратынын мәлімдеді.
Қазір ұлттық құрама қоржында спорттың 19 түрінен 58 лицензия бар. Айта кетейік, Париждегі Олимпиадаға әйелдер күресінің спортшылары мен ауыр атлеттер бармайды.
Асылбек Данияр