Боччадан ел біріншілігі аяқталды
Боччадан жыл сайынғы Қазақстан чемпионат аяқталды. Биыл паралимпиадалық сайыс алғаш рет командалар мен жұптар арасында да ұйымдастырылды.
Былтыр ел біріншілігіне 10 өңірден 50-ге жуық спортшы қатысса, биыл 12 аймақтан 90 параспортшы бақ сынады. Жарысқа Түркістан және Батыс Қазақстан облысының боччашылары бірінші рет қатысты. Қазір 10 облыста Қазақстан бочча федерациясының филиалы бар. Алдағы уақытта басқа да өңірлерде ашылу жоспарланып отыр. Сенат төрағасы, әрі Бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев осы жарыстан кейін ұлттық құрамада өзгерістер болатынын айтты.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы, Бочча федерациясының президенті:Биыл ел чемпионатын өткізу барысында алғаш рет Халықаралық бочча федерациясының электронды базасын қолдандық. Ол әр ойынның нәтижесін онлайн бақылауға мүмкіндік береді. Бұл – елімізде халықаралық жарыс өткізу жолында жасалған маңызды қадам. Алдағы жылдары елордада әлемнің басқа елдерінен келген боччашылардың қатысуымен осындай жарыстар өткізуді жоспарлап отырмыз.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09