Мемлекет басшысы Хорватия Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Зоран МилАновичті және хорват халқын ұлттық мереке – Мемлекеттілік күнімен құттықтады.
Президент өз сөзінде Хорватия- Еуропа Одағының белсенді мүшесі ретінде өзінің тұрақты даму, халықтың әл-ауқатын жақсарту жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп жатқанын атап өтті. Астана мен Загреб арасындағы мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достыққа сүйене отырып, ынтымағымыздың аясы жылдан-жылға кеңейіп жатқанын ризашылықпен атап өтемін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында, елдеріміздің сан қырлы байланыстары болашақта одан әрі нығая түсетініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта. Мемлекет басшысы достас хорват халқына құт-береке тіледі.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент хорват халқын ұлттық мерекесімен құттықтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/194493/)