Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Бірлік мерекесімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Бірлік мерекесімен құттықтады

01.05.2022
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Бірлік мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Мемлекетімізді жан-жақты жаңғыртуға әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Бірлік мерекесімен құттықтады.

«Мамырдың осы мамыражай мерекесі – еліміздің тұтастығы мен ырыс-ынтымағының символы.

Достық пен өзара түсіністік дәстүрлері халқымыздың сана-сезімінде берік орныққан. Бұл қасиеттер берекелі өмірдің, бейбітшілік пен келісімнің өзегі болып отыр.

Тағдырдың жазуымен кең байтақ қазақ жерінде тоғысқан әр алуан мәдениеттер тұтаса келе ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігіне айналды.

Біздің мақсатымыз бір, құндылықтарымыз ортақ. Мызғымас бірліктің арқасында қиындықтан қаймықпай, жаһандық сын-қатердің бәрін еңсеріп келеміз.

Бүгінде Жаңа Қазақстанды құру бастамасы бүкіл қоғамды ұйыстыруда. Бұл идея ел азаматтарының жасампаздық қуатынан бастау алады. Мемлекетімізді жан-жақты жаңғыртуға әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек.

Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін! Аспанымыз әрдайым ашық болсын!», - делінген Президент құттықтауында.

Хабарламаларға жазылу