Биыл Қазақстанда жаз қатты ыстық болмайды
Биыл елімізде жаз аса ыстық болмайды. Ай соңына дейін жауын-шашын мол түсіп, ылғал да нормада болады. «Қазгидромет» мамандарының маусымға да болжамы осыған ұқсас.
Жұлдыз Исбаева, «Қазгидромет» РМК ұзақ мерзімді ауа райы болжамы басқармасының басшысы:Биылғы жазға келетін болсақ, алдын ала болжам бойынша маусым айы климаттық нормадан Қазақстанның басым бөлігі 1-2 градусқа дейін жоғары деп күтіледі. Шілде-тамыз айларында климаттық норма шамасында Қазақстанның басым өңірінде болады деп болжап отырмыз. Бұл болжам алдын ала болжам. 70-75 пайызға ғана дейін болжанады. Жазда 40+45 градус ыстық болады деп айта алмаймыз.
Белгиялық климатологтың айтуынша, климаттың өзгеруіне байланысты ауа райын дәл болжау, ұзақ мерзімге болжам жасау қиындық туғызып жатыр. Бүгін күн қатты ысып тұрса, ертесіне боран соғып, суытуы жиілеп кеткен.
Маркус Санчес, климатолог:Эль-Ниньо, Ла-Нинья фазаларының ауысуына байланысты биылғы жазда ауа температурасында ауытқу көп. Солтүстік Еуропа елдерінде жаз суық, жауын-шашынды болса, Оңтүстік, Батыс Еуропада керісінше ыстық, құрғақшылық болады. Биыл маусымда жауын-шашын, боран алдыңғы жылдарға қарағанда көп. Жалпы, әлем бойынша атмосферадағы ылғалдылық деңгейі маусым мен тамыз айлары арасында өте жоғары.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Интер» өз алаңында «Қайратты» 2:1 есебімен жеңді
06.11.2025, 10:30
Ұлттық Ұлан сарбаздары аналарына тосын сый жасады
06.11.2025, 10:23
Германияда әлем халқы толған айды тамашалады
06.11.2025, 10:22
Түркияда тас көшкінінен екі адам опат болды
06.11.2025, 10:21
Ақмола облысында Жабай өзенінің арнасы тазаланды
06.11.2025, 10:20
ШҚО-да браконьерлерге қатысты мыңнан аса әкімшілік іс қозғалды
06.11.2025, 10:18
Вашингтонда өтетін C5+1 саммитінде қандай мәселелер талқыланады?
06.11.2025, 10:15
Мемлекет басшысын АҚШ-та оқитын қазақстандық студенттер қарсы алды
06.11.2025, 10:13