Атыраулық шаруаларға 120 млн теңгеден астам өтемақы төленді
Атырау облысы Жылыой ауданында малынан айрылған шаруаларға 120 млн теңгеден астам өтемақы төленді. Тұрғындардан келіп түскен 101 өтініш толығымен қанағаттандырылған. Су тасқыны кезінде Құлсарыда 876 бас ұсақ және ірі қара мал зардап шеккен. Бұдан бөлек, 600-ден астам азаматқа баспанасын қалпына келтіру үшін қаражат төленген. Мобильдік топтар 1700-ге жуық үйді бағалау және техникалық тексерудің қорытындысын таныстырды. Бүлінген мүлікті бағалау жұмыстарын ертең аяқтау көзделіп отыр.
Айтуар Мырзағалиев, шаруа қожалығының төрағасы:
Өтінім бергеннен кейін көп ұзатпай қабылдап, ақшасын аударды. Ақшасына қанағаттанып жатырмыз.
Нұртас Қуатбаев, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:
Құжаттары түгел болған жағдайда құрылған комиссияға тапсырылады. Комиссия 15 күннің ішінде тексеріп, нақты қорытындысын беріп отыр.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды
02.07.2026, 19:15
Қазақ Ұлттық спорт университетінің жаңа кампусы ашылды
02.07.2026, 17:35
Астанада алғаш рет TazaFest фестивалі өтті
02.07.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
02.07.2026, 17:30
Қызылорда жастары жаңа бастамаларды көтерді
02.07.2026, 17:27
БҚО Шыңғырлау ауданындағы теміржол вокзалы толық жөнделді
02.07.2026, 17:25
Ақтөбедегі көкөністерден пестицид пен нейтраттардың көптігі анықталған
02.07.2026, 17:22
Есірткіге қатысты 2 мың қылмыстық іс анықталды
02.07.2026, 17:20