Қазгидромет: Төрт өңірде құрғақшылық болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазгидромет: Төрт өңірде құрғақшылық болуы мүмкін

24.05.2024

Еліміздің төрт өңірде атмосфералық құрғақшылық болады. Қазгидромет мамандары: Қостанай облысының Амангелді, Жангелді аудандары, Маңғыстау облысының Маңғыстау мен Қарақия аудандары, Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданы және Қарағанды облысының Шет ауданында қуаңшылық болады деп болжады. Былтыр төтенше жағдай жарияланып, құрғақшылықтың зардабын тартқан Жамбыл облысында да жағдай қайталануы ықтимал екенін айтты.

Бірақ бұл алдын ала болжам екенін нақтылады. Өйткені, ол тек ауа райына ғана емес, трансшекаралық өзендерден келетін су көлеміне байланысты болады деп отыр. Әзірге, атмосфералық құрғақшылық болады, деп дөп басып айту қиын. Себебі, маусымда шамадан тыс жаңбыр жауады, дейді. Былтыр су тапшылығынан 20 гектарға еккен жүгері алқабы қаңсып қалған Жамбыл облысының шаруасы Жолдас Әшімов жағдайдың қайталануынан қауіптенеді. Өйткені 8 миллион теңге шығын көрген. Қазірдің өзінде Талас өзенінен келетін су көлемі азайғанын айтты.

Жолдас Әшімов,Шаруа қожалығының жетекшісі:
Өнімсіз қалдық. Биыл да соны қайталағанын қаламаймыз. Биылдың өзінде міне 50 гектарға жоңышқа егіп отырмын жаңа жоңышқа. Оның шығыны 4-5 млн теңге. Келісімшартымыз бәрі бар. Бірақ титтей су, бір ғана шаруашылыққа жетеді. Ал қалған шаруашылықтар сусыз отыр.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу