Республикалық маңызы бар Атырау-Орал тас жолы жабық. Келген нөпір судың бағытын бұру мақсатында күре жолдың 72-ші шақырымы жырылды. Бұл бағытта қатынайтын ауыр жүк көліктерінің қозғалысы тоқтатылады. Жеңіл автокөліктер облыстық маңызы бар «Атырау-Индер» бағытымен қатынайды. Өр суының көптеп келуі Махамбет ауылына қауіп төндіруде. Осыған байланысты Махамбет пен Сарытоғай ауылдарын жалғап жатқан тас жол да жабылып, су арнасы бағытын бұру үшін жырылды. Сарытоғай ауылынан Махамбет елдімекеніне қатынаушылар айналма жолмен өтеді. Облыс әкімі Махамбет ауданында тасқын қаупі жоғары елдімекендерге барды. Талдыкөл, Сарайшық, Махамбет, Сарытоғай және Ақжайық ауылдық округтеріндегі бөгеттерді нығайту жұмыстарын тексеріп, жағалаудағы кезекшілікті күшейтуді тапсырды.
Нұрсұлтан Нұрсейіт