Атырау өңірінде Жайықтың жайы алаңдатып отыр. Махамбет ауданында су деңгейі тағы көтеріліп, 10 метр 8 см-ге жетті. Жауапты мамандар нөпір су шайып кеткен жолдарды қайта қалпына келтіріп жатыр. Ал, Құлсары қаласында тасқыннан зардап шеккен тұрғындар үшін 150 үйдің құрылысы басталады. Ауданы 80 шаршы метрлік 74 типтік үлгідегі үйдің учаскесі белгіленді. Құрылысы келесі аптада басталады. Оны жергілікті мердігер мекемелер жүргізеді. Ықшам аудан инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, жарық және сумен қамтылған. Газ да тартылады. Екі мың орындық мектеп пен 300 орындық балабақша салынады. Құлсарының алғашқы 15 тұрғынына жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына өтемақы төленді.
Нұрберген Құсайынов, облыстық Құрылыс басқармасының басшысы:
Осы ықшам ауданда бекітілген жер телімдерге арнайы қазықтар қағылды. Іргетасын құюға толықтай дайын тұрмыз. Қосымша айта кететін ақпарат облыстық бюджеттен бөлінген қаражат және арнайы қорларға демешілік тараптан салынған қаражаттарға сәйкес жүргізілетін болады.
Нұрсұлтан Нұрсейіт