Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен Алашорданың 100 жылдығына арналған жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен Алашорданың 100 жылдығына арналған жиын өтті

10.11.2017

Осыдан 100 жыл бұрын Алаш арыстары елдікті сақтап қалу үшін шарқ ұрды. Бастарын оққа байлады. Сол үшін олардың рухына тағзым ету - заңды дүние. Бірақ, «солардың ісі мен идеясын жалғастырушы ұрпақ бар ма?» деген сауалға бүгін елорда төрінде өткен «Рухани жаңғыру: Алаш және азаттық идеясының сабақтастығы» атты халықаралық конференцияда жауап берілді. Тарихи деректерге сүйенсек, «Алаш» партиясына мүше болған жандардың бірде-бірі тірі қалмаған. Елдік үшін жанын пида еткен арыстардың армандаған күні сірә, осы болар. Тәуелсіз Қазақстанның Астанасында 100 жылдан соң марқұмдардың аты ардақталды. Шараға келген Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Елбасының хатын оқып, сәлемін жеткізді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

 - «Алаш» партиясы зиялыларының армандары орындалған күн деуге толық енгіз бар. Біздің егемендігіміздің рухани жүйесін, рухани негізін кезінде «Алаш» партиясының азаматтары қалап кеткен.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу