Бітіруші түлектер ағаш отырғызды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бітіруші түлектер ағаш отырғызды

06.05.2024

Мектепті бітіруші түлектер бүгін бір сәтте ағаш отырғызды. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған «Түлектердің ағаш егуі» эко-челленджіне 180 мыңнан астам оқушы қатысты. Астанадағы мектептердің бірінде өткен шараға Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев келіп, шәкірттермен бірге игі шараға атсалысты. Бас ұстаздың айтуынша, аталмыш эко-челлендж дәстүрлі шараға айналады. Жоспар бойынша бүгін барлық елім беру мекемесінің алдына 50 мыңнан аса көшет отырғызады.

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:

Бұл жалпы бір реттік іс-шара емес. Әрі қарай да жалғасын табатын, елімізді көркейтуге оның тазалығын сақтауға, бүкіл жастардың бойында керемет экологиялық мәдениет қалыптастыруда ұстаздармен бірге керемет жұмыс бастап кетті.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу