АӘК алушылардың арасында 5 мың жеке кәсіпкер болған

01.10.2019

Жамбыл облысында атаулы әлеуметтік көмек алушылардың арасында 5 мыңнан аса жеке кәсіпкер болған. Олардың ішінде 259 кәсіпкер атаулы әлеуметтік көмек ала салып кәсібін тоқтатқан. Алайда, Жамбыл облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары бұл кәсіпкерлердің тізімі облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне жолданғанын мәлімдеді. Қазіргі кезде табысы жайлы жалған ақпарат берушілермен күрес жүргізілуде. Бүгінде өңірде 37 149 отбасына, яғни 164 559 адамға 12,3 миллиард теңге көлемінде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек берілген.

Саяжан Ешенқұлов, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының маманы:

Жамбыл облысы бойынша 933 отбасы әртүрлі жағдайлармен отбасының тасбысын жасыруғ отбасы мүшелірін жасыру, жұмыстарымен келісу арқылы табыстарын төмен көрсету фактілері анықталып, 933 отбасындағы 33,5 млн теңге бюджетке қайтарылу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 20 млн 700 мың теңге бюджетке қайтарылған.

Хабарламаларға жазылу