«Birgemiz» қорынан тағы 100 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден көмек алды

19.10.2020

«Birgemiz » қорынан тағы 100 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден көмек алды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек әлеуметтік желіде жазды. Осылайша Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған қор арқылы барлығы 650 мыңнан астам отбасы немесе 2 млн 200 мың мұқтаж адамға көмек көрсетілді. 

Бұдан бөлек, 2 мыңдай медицина қызметкеріне қаржылай қолдау көрсетіліп, судан зардап шеккен Мақтааралда жаңа 20 үй салынды.

Шерхан Жамбылұлы

Birgemiz әлеуметтік көмек Nur Otan

Хабарламаларға жазылу