Хельсинкиге қайта қыс түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хельсинкиге қайта қыс түсті

24.04.2024

Финляндияда көктемде күтпеген жерден қар жауды. Ел астанасы Хельсинки мен оның төңірегін 28 сантиметрдей ақ ұлпа басқан. Ауа райының құбылуына байланысты қалада қоғамдық көлік қатынасында қиындықтар туындады. Травмай желілері қозғалысты бірнеше сағатқа мүлдем тоқтатқан. Елдің метеорология инситуты қардан кейін Хельсинкиде жаңбыр жаууы ықтимал екенін ескертті.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу