Абай облысында 100 гектардан астам жер өртеніп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысында 100 гектардан астам жер өртеніп жатыр

23.05.2023

Абай облысында «Семей Орманы» резерватына қарасты аумақта өрт болып жатыр. Ресей Федерациясының Алтай аймағынан бастап тұтанған қызыл жалын тез тарап үлгерген. Кешеден бері ол жерде өрт сөндірушілер қолда бар техникаларын жұмылдыруда.

Ержан Жақып, тілші:

Өрттің жалпы аумағы 100 гектардан асады. Қазір қызыл жалын ошағына жақын жерде жедел штаб құрылған. Төтенше жағдай қызметінің мамандарының ақпаратынша, елдімекендерге өрттен келер қауіп жоқ. Дегенмен Ивановка ауылы мен Березовка шипажайына жақын аумақтар түгелдей бақылауға алынып, ауыл халқына ескерту жасалған. Өртті жою үшін төтенше жағдай қызметінің өрт сөндіру машиналарымен қатар, өрт сөндіру пойызы, Астана қаласынан МИ 873 тікұшағы да жұмылдырылды. Таң ата Алтай өлкесінде тұтанған өрт сөндірілген. Ал «Семей Орманы» аумағындағы қызыл жалын әлі өшіріліп жатыр.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу