Олимпиада алауы кемемен Пирей портына жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиада алауы кемемен Пирей портына жеткізілді

23.04.2024

Париж Олимпиадасының алауы кемемен гректің Пирей портына жеткізілді. Оны жергілікті өнерпаздар мен оқушылар оркестрімен қарсы алды.

Жазғы ойындардың факелі ежелгі Олимпиа жерінде сәуірдің 16-да тұтатылды. Ол олимпиада ұйымдастырушыларына сәуірдің 26-да табысталып, келесі күні Францияға жіберіледі. Ал шілденің 26-да бұл алаумен Париж Олимпиадасының оты тұтануы керек.


Хабарламаларға жазылу