Еуропада адам төзгісіз аптап ыстық жиіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропада адам төзгісіз аптап ыстық жиіледі

22.04.2024

Еуропада денсаулыққа қауіпті аптап ыстық жиі тіркелетін болған. Мұны Еуроодақтың климатты бақылайтын «Коперник» қызметі хабарлады. Оған сай, соңғы 20 жылда құрлықта ыстықтан болған өлім 30 пайызға көбейген. Былтыр Испания, Франция, Италия мен Грекияда сынап бағанасы 10 күн қатарынан 46 градус ыстықты көрсетіп тұрды.

Ғалымдардың айтуынша, күннің былай шыжуына климаттың өзгеруі ықпал етіп отыр. Әсіресе, парник газдары мен Эль-Ниньо құбылысының әсері мол. Ал аптап ыстық су тасқыны мен өрттің жиілеуіне әкелген. Еуроодақтың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі агенттігі, мүше елдердің денсаулық сақтау жүйесін климаттың өзгеруіне дайындауға үндеді.

Арай Төлеген


Хабарламаларға жазылу